Шебер әңгімеші
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылдың 29 қаңтарында «Шебер әңгімеші» Мағзұм Сүндетов жайлы кітап көрмесі өткен болатын. Аталмыш кітап көрмесіне 2-5 сынып оқырмандары қатысты. Басты мақсатымыз – оқырмандарға Мағзұм Сүндетов жайлы жалпы мағлұмат бере отырып, өмірбаяны мен шығармалары туралы таныстыру.
29 қаңтарда Атырау облысы, Доссор кәсіпшілігінде туған. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін тамамдаған. «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі, 1990–1996 жж. «Ана тілі» баспасының бас редакторы болды.
Тұңғыш әңгімелер жинағы – «Жол айрығы» 1961 жылы шықты. Жазушының көптеген туындылары неміс, чех, венгр, югослав, тағы басқа тілдерге аударылды. 1977 жылы әдеби жабық конкурста жүлделі орынға ие болған «От ішіндегі адам» повесі 1978 жылы украин тілінде «Веселки» баспасынан, сол жылы орыс тілінде «Детгиз» баспасынан шықты. Мәскеу баспаларынан төрт кітабы жарық көрген.
«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
Ал, кітапхананың кітап қорында бар 1993 жылы Алматы қаласында «Жазушы» баспасынан басылған 1 томдық таңдамалы шығармалары, 1983 жылы орыс тілінде жарық көрген «Жду тебя, Дидар» атты кітаптары насихатталды. Қосымша ақпарат көздерінен алынған материалдар да оқырман назарына ұсынылды.
Көрмеге қатысқан оқушылар саны 25 бала.