Шерубай Құрманбайұлы Көркем аудармадағы жаңа аудармалар: жасалуы мен қолданысы

Бұл еңбекте әлем әдебиеті жауһарларын қазақ тіліне аудару кезінде жасалып, қалыптасқан және көркем аудармаға ғылыми тілі мен БАҚ тілінен енген жаңа атаулар мен қолданыстар арнайы жиналып, тілдік тұрғыдан зерттеліп отыр. Көркем аударманың жаңа атаулар мен қолданыстардың әдеби тілге енуіне, нормалануына ықпалы,белгілі қаламгерлер мен кәсіби аудармашылардың сөз жасау, балама табу, сөз қолдану тәжірибесі жан-жақты талданады. Сондай-ақ кітаптың үшінші бөлімінде жаңа атаулар мен қолданыстардың орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздігі мен лексикалық вариаттардың жарыса жұмсалып жүрген нұсқаларының салыстырмалы кестесі берілді.