Әшірбек Көпіш Мәңгілік майдан

Күні кеше ғана Уақыт қойнауына кеткен –ХХ ғасырда, бүкіл адамзаттың тағдырымен бірге, қазақ халқының өзегін жойқын тарихи- әлеуметтік сілкіністер тілгілеп өтті. Ен далада бейбіт, бейтарап өмір сүріп жатқан халық империялық күштердің отаршылдығын, әкімшілік-әміршілік кеңестік жүйе ұлттық ой-санамызды ұдайы күшпен  тойтарып отырған небір әділетсіздіктер мен қанды оқиғаларды бастан кешірді. Мұнда, сондай-ақ, адам өмірімен қатар, дүниежүзілік биосфера аяусыз зардап шегіп келген Жер мен тіршілік, ауа мен су, жылқы мен жан-жануарлар, құс пен құмырсқа, ағаш пен өсімдік, яғни, бүкіл планета тағдыры да қатар өрбумен болады. Романда қазақ әдебиетінде бұрын-соңды млде қолданылмаған жаға көркемдік әдістер мол. Шығарманың тілі эпикалық тұрғыда – кең, көркем, әрі шебер қиюласқан.