Шығармашылық сайыс

«Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 2016 жылғы кітап апталығының  екінші күні, яғни 12 сәуірде   «Қазақстан тәуелсіздігіне -  25 жыл » деп аталатын 3 D форматта әуесқой суретшілер сайысы және «Менің сүйікті жаузышым» атты  эссе байқауы  ұйымдастырылды. Байқауға    1 – 6 сынып оқушылары  қатысты.  Басты мақсатымыз - жас  ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып,  Отанға деген сүйіспеншілік  сезімі мен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын  арттыру, сондай-ақ, балалардың көркем  шығармашылығын дамыту .

           «Қазақстан тәуелсіздігіне - 25 жыл» атты әуесқой  суретшілер арасында өткізілген сурет байқауынан  төменде көрсетілген оқушылар  жүлделі орындарға  ие болды:

1 –ші орын Бүркітбай Әдемі

2 – ші орын Нургалиева Алуа

3 – ші орын Камалова Аяжан.

         Ал,  «Менің сүйікті жазушым» тақырыбына жазылған «үздік  эссе» номинациясымен   4 «А» сынып оқушысы Абаканова Диана марапатталды. Қатысқан оқырман саны: 18 оқушы.