«Сын полка»

Көрменің мақсаты: XX ғасырдың басындағы орыс әдебиетінің классигі, жазушы В. Катаевтың өмірбаянымен таныстыру, шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру. 

Валентин Петрович Катаев орыс жазушысы, драматург, "Белеет парус одинокий", "Сын полка", "Время, вперед!" танымал повесть, әңгімелердің авторы. В. Қатаевтың сөз шеберлігі мықты,  үлкен әсерлі шығармашылықтары көп.  1944 жылы В.Катаевтың «Сын полка» атты кітабы жарық көрді. «Сын полка» - соғыс жылдарында барлық туыстарынан айырылған Ваня Солнцевтің тағдыры туралы жазылған жарқын да, шыншыл әңгіме.