Ана әлемнің шуағы
2016 жылдың 8 наурыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде Сырлас клубының мүшелерімен «Ана әлемнің шуағы» атты мерекелік кездесу өтті. Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарымызды мерекемен құттықтау, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету .
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде,
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Мерекелеріңіз құтты болсын ақ жаулықты аналар! Аман болыңыздар!