Аймақ кітапханасы мәдениеттердің өзара әрекеттестігінің орталығы және жас ұрпақты дамыту ортасы ретінде

2015  жылды 26 шілде күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Ж Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы және Приозерск қалалық кітапханасының қызметкерлерінің қатысуымен «Аймақ кітапханасы мәдениеттердің өзара әрекеттестігінің орталығы және жас ұрпақты дамыту ортасы ретінде» атты көшпелі семинар болып өтті.

Іс-шараның мақсаты: Облыс кітапханалары мамандарының біліктіліктерін көтеру, кітапханалар мәртебесін асқақтату, жас оқырмандардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

IMG_9614 IMG_9638

«Приозерск қалалық кітапханасы КММ-нің директоры П.С Кенжебекова семинарды ашып, Приозерск ОКЖ-сі кітапханаларының жұмысы, жастар аудиториясы – жаңартпалар, күрделі мәселелер және оларды шешу жолдары жайлы баяндама жасады.

Ж. Бектұров атындағы ОЖК – ның ақпараттық-библиографиялық бөлімнің меңгерушісі Н.Қ Каленова «Мәңглік ел» - кітапханалардың жастарды тәрбиелеу жұмысын жандандыруға қуатты серпін, жаңартпашылық – әдістемелік бөлімнің меңгерушісі О.Н Волкова «Бет-бейне: табыстың құрамдас бөліктері» тақырыптарында сөз қозғады. Жасөспірімдердің қатынастары және көпшілік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Н.Ф Шмойлова  кітапхана директорына жастардың «Керуен «БОТА» республикалық әдеби эстафетасының сертификатын табыстады. Жасөспірімдерді кітапханаға көптеп тарту және бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында клуб жұмыстарын жандандыру алға қойылды. Семинар соңында әр-түрлі сұрақтар қойылып, кеңестер айтылды.

 

«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ

П.С Кенжебекова