Тарих беттерінен тағылым
Биылғы ел өміріндегі елеулі оқиға Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілуде. Осынау тарихымызды түгендеп, ұлттығымызды танытатын мерекеге орай «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде «Тарих беттерінен тағлым» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылған болатын.
Тәрбие сағатының мақсаты: жас ұрпаққа тарихты танытып, одан өзінің тек тамырын ұғындырып, Қазақ хандығында билік еткен хандар туралы мәлімет беру, оқырман санасына сіңіру.
Аталмыш іс-шараға өнер және спорт мектебінің екінші маусымындағы жазғы лагерь оқушылары жетекшілерімен бірге қатысқан болатын.
Сонымен қоса «Қазақ хандығына -550 жыл» атты тұрақты кітап көрмесі құрылып, жыл бойы насихатталуда. Көрмеге хандар туралы деректер, әсіресе Абылай хан туралы бірнеше тарихи кітаптар қойылған болатын. Көрме мерзімді басылымдардан алынған материалдармен әр кез толықтырылуда.
Қазақтың тарихы өте бай. «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндар заманынан басталып, көк түріктерге жалғасады, сонан кейін Алтын Орда орнығып, ол хандық дәуірге ұласып, біртіндеп тәуелсіздікке келіп тіреледі» - деп толғанады Елбасы. Біз киелі жерде өмір сүріп жатырмыз. Осы жердің киесі бізді сұқ көзден сақтап, өзінің мәуелі бесігінде тербетіп келеді. Ендеше, осы киелі жердің иесі болу біздің өскелең ұрпақтың еншісіне тиіп отыр.
Олай болса құрметті оқырман қауым тәуелсіздігіміз баянды, егемендігіміз еңселі болсын, шаңырағымыз шайқалмасын!
Балалар кітапханасының кітапханашысы:
К.Курманбекова