Толық шығармалар жинағы
Қазақтың көрнекті ақыны, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың бұл он екі томдық толық шығармалар жинағы – тұтас бір тарихи-әдеби дәуірдің идеялық-көркемдік бейнесін жан-жақты сомдаған рухани құндылығымыз. Ақын өз заманының ар-ожданы десек, әлемдік мәні зор, поэтикалық әсері әрқашан мөлдір Фариза жырларының өз оқырманына берері мол.
Бұл бірінші томға Фариза оңғарсынованың сонау 50-ші жылдардан бастап, әр жылдарда жазған сыр толғанысқа толы поэзиялық шығармалары енген.