Ө Ақыпбекұлы. Керек кітап.
Белгілі балалар ақыны Өтепберген Ақыпбекұлының «КЕРЕК КІТАП» деп аталатын кезекті өлеңдер жинағы шын мәнінде балаларға, балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып оқушыларына, ұстаздар қауымына және ата – ааларға өте керек, қажетті кітап болады деген сенімдеміз.
Жинақ 4 бөлімнен тұрады: I бөлім «Айдай аппақ бөпем бар» деп аталады. Аталмыш бөлім – ананың жүкті болғанынан бастап, сәбидің дүниеге келуі, яғни ұлттық салт –дәстүр негізінде жазылған «Құрсақшашу», «Жарысқазан», «Сүйінші», «Қалжа», «Итжейде», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», «Қаз тұру», «Бесік жыры», «Тұсаукесер» сияқты өлеңдер топтамасынан тұрады. Кітаптың II бөліміндегі Қазақстан Республикасының рәміздері: Елтаңба, Әнұран, Ту туралы өлеңдер топтамасы республикалық мүшайрада жүлделі 3 орынды иемденген болатын. Сонымен қатар Конституция күні, Республика күні, Мұрағат күні тәрізді кәсіби мерекелер қақындағы және Аналар күні, Балаларды қорғау күні, Киношылар күні сияқты халықралық мерекелер туралы өлеңдердің де көркемдік дәрежесі өте жоғары. III бөлім балалардың ой – қиялын жетілдіретін түрлі үлгідегі ойындар, жаңылтпаштар мен санамақтар, сұрамақтар мен мазақтамаларға арналған.
IV бөлімдегі «Айдындағы әліппе» топтамасының да көтерер жүгі қомақты. Балықтар тіршілігі жайлы өлеңдер мен жұмбақтар және әліпбилік ертегінің танымдық та, тәрбиелік те мәні зор.