«Апа,сені сағындым». Алтыншаш Жақиянова
Алматы облысына, қала берді республикамызға бұдан бұрынғы жазылған жыр жинақтары мен көркем-публицистикалық шығармаларымен танылған қаламгер. Алтыншаш «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жетісу балалар кітапханасы» айдарымен «Балаларға арналған үздік поэзия» номинациясының «Балалар әдебиетінің үздігі» атағын жеңіп алған. «Апа, сені сағындым» - ақынның балаларға арналған екінші кітабы. Кітап прозалық шығармалардан түрады. Ақындық пен ұстаздыкты қатар алып жүрген автор ұзақ жылғы педагогикалық еңбегі барысында бала психологиясының қырсырын ашуға құрылған шығармалары мен бал немерелеріне арналған аналық, әжелік көцілінен шыққан әңгімелерін топтастырыпты. Жас оқырманның түсінігіне бейімделіп жазылған тәрбиелік мәні бар оқиғаларға құрьшған шығармалары тілге жеңіл, ойға қонымды. Балаларға арнап қалам тартатын жазушылардын арқалайтын жүгі ауыр екендігін осы жинақтың мазмұнынан-ақ аңғаруға болады. Повестер «Балалық дәурен», «Апа, сені сағындым», «Өміршең өрен» атты негізгі үш бөлімнен тұрады. Мұнда жазушы киындыгы мол бұрынғы заман мен қазіргі болып -толған заманда өмір сүріп отырған жанұяда өскен балаларды салыстыра отырып екі заманның ара жігін айырып береді. Осыны жастар ойланса деген ниетпен жазғаны айдан анық. Төртінші белімінде шағын әңгімелер топтастырылған. Жазушы қаламынан шыққан шығармалар балаларға ой тастайтын, қиындықтарға мойымай, өмірде кездесетін әрбір оқиғаға шынайы көзбен қарауға, еңбектенуге шақыратын тұщымды дүниелер.