Қапбасов М.И. Шахмат мектебі
Шахмат ойыны – балаларға тек қуаныш сыйлайтын ойын ғана емес, ойлауды дамытудың тиімді құралы. Шахмат ойынына үйретудің алғашқы баспалдақтарын көрсету – балаларды кеңістікте бағдарлай алу қабілетін дамытуға, ойлаудың аналитикалық – синтетикалық жолдарын, ой тұжырымдарын жасау, есте сақтау, қорытынды жасай алу қабілетін, өз іс – әрекетін болжалдауды дамытуға көмектеседі.
Оқу құралы мектеп, лицей, гимназия оқушыларына және барлық шахмат сүйер қауымға бағытталады.