«Қасиетті қазына» Ершуов Аманқос

Ауылда тұрып, Алашқа белгілі болған ақын, ардақты ұстаз Аманқос Ершуовтың есімі жырсүйер қауымға кеңінен таныс. Алпысыншы жылдары поэзияға келген ақынның өлеңдері кең тынысты, қамтылар тақырып аясы кең. «Қасиетті қазына» кітабына ұстаз ақынның жас ұрпақтың санасына ұлттық тәлім-тәрбие беріп, салт-дәстүріміз бен қазақ табиғатын өлеңмен ұғындырып, өлеңмен тәрбиелеу саласында жазған туындылары еніп отыр.