Айғалиұлы Е. Алтын қаланың құпиясы

Алтын қаланың құпиясы / Ертай Айғалиұлы. – Алматы: «Sardar G», 2024.- 392 бет.

ISBN 978-601-7624-67-5

ӘОЖ 821.512.122-93

КБЖ 84(5Қаз)

А 31

            Жазушылар одағының мүшесі Ертай Айғалиұлының «Алтын қаланың құпиясы» атты кітабына 5 хикаяты және әңгімелері еніп отыр. Кітап балалар мен жасөспірімдерге арналғанмен, ондағы шығармалардың өзектілігі, шытырман да қилы-қилы оқиғаларға бай болуы ересектерді де өзіне еріксіз тартатыны сөзсіз. «Халық жауының балалары» кішкентай романында Желтоқсан көтерілісі қаһарманының отбасының тағдыры туралы сыр шертсе, «Шекара тасын жарып шыққан гүл» эссе-хикаяты Тәуелсіздік үшін күресте жандарын пида еткен ата-бабаларымыздың ерліктері туралы баяндайды. «Алтын қаланың құпиясы» хикаятындағы оқиға Цин империясының түркі қаласын басып алуы жөніндегі аңыздық оқиға кешегі Кеңес империясының қазақ халқына зұлымдығымен сабақтасады. Тайтерідегі картамен ауғандықтардың алтын қазынаны іздеп келуі, балаларымыздың оны қорғауы...бәрі-бәрі оқырманды ынтықтыра отырып бей-жай қалдырмайды. «Алтын қаланың құпиясы», «Шиебөрілері жылаған Сахарадағы жекпе-жек», «Қара бала, қасқыр-адамдар және мұз сарай», «Ақбарыс, американ және Аспантау үңгіріндегі қазына», «Бокс қолғабыңды жоғалтпа, баурым!» хикаяттары және әңгімелеріндегі қызықты оқиғалар, онда көтерілген көкейтесті мәселелер балаларды Отаншылдыққа, жерін, елін, тарихын сүюге тәрбиелейді. Кітап қалың оқырман көзайымына айналады деп сенеміз.