Қазақстанның 70 тарихи орны

Бұл жинаққа еліміздің тарихи және географиялық ең байырғы атаулары енгізілді. Жинақтан орын алған атаулар сан ғасырлық қазақ тарихында айрықша маңызға ие болған. Олар небір тарихи оқиғаға, кезеңге байланысты немесе ерте дәуірлерден бері ұлтқа қоныс болған қасиетті мекендер. Қазіргі Қазақстан ономастикасын қалыптастыруда бұл атауларды көшлерге, нысандарға беру жалпымемлекеттік, патриоттық сана-сезім қалыптастыруға оң ықпал етпек.

Жинақ ономастика саласының мамандарына, еліміздің тарихы мен табиғаты қызықтыратын жалпы көпшілік қауымға арналған.