Балаларға тарту

Ұсынып отырған бұл оқу құралы 1926 жылы Қазақстанның сол кездегі астанасы Қызылорда қаласынада Т.Шонанұлы мен М.Жолдыбайұлының құрастыруымен алғаш жарық көрген. Оқу құралына сол кездегі Алаштың білімі саласындағы белді азаматтарының төл туындылары енген. Біз бұл жинақта өңдеп, суреттермен көркемдеп бүгінгі оқырманға арнайы ұсынып отырмыз.                 

Бұл мектепке дейінгі және мектеп табалдырығын алғаш аттаған қазақ балаларының ана тілінде білім алуына мүмкіндік беретін алғашқы оқулық. Мұнда балалардың жасы мен қабылдау деңгейі ескеріліп, соған сәйкес мәтіндер енгізілген, мазмұны бай. Онда ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ұлттық ойындар, күлдіргілер, әзілдер, денсаулық, тазалық сақтау тәрбиесі, отыру, кітап оқу, жүріп-тұру тәртібі, табиғаттану сияқты әр-алуан тақырыптар молынан қамтылған.