Балқыбек Ә. Қатардағы өлең

Қатардағы өлең: Өлеңдер, балладалар, поэмалар, тарихи эсселер, әдеби мақалалар / Әмірхан Балқыбек. – Алматы: ЖК «Тарпанбаева А.Ш.», 2024.- 400 бет.
ISBN 978-601-06-9537-5
ӘОЖ 821.512.122
КБЖ 84(5Қаз)
Б 20
Ақын Әмірхан Балқыбек – бүгінгі қазақ әдебиетінің ең талантты өкілдерінің бірі. Көпшілік оқырман оны қарапайым да күрделі жыр шоғырларының иесі ретінде ғана емес, өзіндік айтары бар ойлы түркітанушы, зерделі мифолог ретінде де жақсы біледі.
Бабалар тарихына ақындық көзбен үңіліп, жұрт күтпеген батыл болжамдар жасау – бұл қолдарыңыздағы «Қатардағы өлең» жинағының басты ерекшелігі. Оның кейбір тұстары оқырман арасында қызу пікір-талас тудыратыны күмәнсіз.
Бұл кітап, сондай-ақ, ақынның әрқилы әдебиет салаларындағы жиырма жылдық шығармашылық ізденістерінің нәтижесі болып табылады.