Бату мен достарының Барсакелмес еліне саяхаты

Мектептегі сабақтан шығып, тентек сыныптастарынан жәбір көріп жүрген Батудың өмірі бір сәтте өзгереді. Күнделіктің мұқабасындағы суреттен шыққан сақ патшазадасы Аспара баланы адам аяғы жетпес жерге сапраға ертіп әкетеді. Сол сапардан кейіе-ақ Батудың әр күні шытырман хикаяттарға толы болады. Жылан патшасы бапы ханның еліне барғанның өзіне не қылған керемет десеңші. Нендей қауіпті сапар болса да, Батудың жанында айнымас, сенімді серіктері бар, ал жолбасшысы – елінің тарихы мен көне мәдениеті, аңыздары мен шежірелері.

 Автор туралы: Зира Наурызбай – 1967 жылы Алматыда дүниге келген, философия ғылымдарының кандидаты, қазақ мәдениеті, музыкасы, мифология жайындағы otuken.kz сайтының модераторы. Лиля Калаус –1969 жылыАлматыда дүниеге келген. ҚазҰУ филология факультетін тәмамдағанғ жазушы, редактор, сыншы, сценарист, радиожүргізуші. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. «Бату мен достарының алтын тостағанды іздегені» АҚШ-тың «Amazon Publishing» баспасында ағылшын тілінде басылып жатыр.