Бемби Ф.Зальтен

«Бемби»—әлемге әйгілі жазушы Феликс Зальтеннің Бемби есімді кішкентай болса да, батыл әрі қайсар бұғышақ туралы әсерлі хикаяты. Бемби ержетіп жаңа достар табады, орманның әртүрлі сырларын аша бастайды және орман тұрғындары арасында тараған аңыздардағы патша сияқты болуды армандайды. Қалай ойлайсың, кішкентай Бемби арманына қол жеткізе ала ма? Хикаяттың желісі бойынша мультфильм түсірілген.