«Бір микробтың күнделігінен»
Сара Гүрбүз Өзерен (түрік тілінен ауд. Ә. Рыспаев)
Кітаптың «кейіпкері» — туберкулез ауруын қоздыратын микроб. Ол белсенді және ақылды, айлакер әрі шыдамды. Аман қалу және өз империясын құру үшін ол баланың денесіне кіріп, ыңғайлы уақытты күтеді. Микроб адам ағзасымен саяхаттап жүріп, өсіп келе жатқан баланың ішкі дене мүшелері туралы егжей-тегжейлі және қызықты ақпараттар «айтып береді».
Сондай-ақ бұл кітапта аурумен күресіп жеңіп шыққан Ахмет жайлы баяндалады. Шипажайда жүрген ол денсаулықты бағалауға, сақтауға үйретер, біреуге көмегі тиер деген мақсатпен өз оқиғасын жазуды ұйғарады.
Кітап бастауыш сынып жасындағы балаларға арналған.Конец формы