Ең үздік ертегіші

Балаларға арналған «Ең үздік ертегіші» атты кітаптағы ертегілер Отанды сүюге, туған жерді аялауға, мейірімділік пен қайырымдылыққа үйретеді. Баланы адамгершілікке, ұлтжандылыққа баулып, достықты берік сақтауға үндейді. Шығармалардың өн бойында білімге құштарлық, жақсылыққа ұмтылу, тәлімді тәрбиеге үндеумен бірге үлкенге – құрмет, кішіге-ізет көрсету секілді тәрбиелік мәні бар. Тілі – жеңіл, бояуы – қанық.

Жазушының қиял – ғажайып ертегілері адамды елітіп әкетіп, тартымды әрі қызықты оқылумен ерекшеленеді. Ертегілер мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына, жалпы оқушылар мен жасөспірімге арналған. Үш бөлімнен тұратын замануи үлгіде жазылған ертегілер балаларға тамаша базарлық боларына сенім мол.