«Гекльберри Финнің басынан кешкендері» М.Твен

Марк Твеннің бұл классикалық туындысында Гекльберри Финнің басынан кешкен қызықты оқиғалары баяндалады. Оқиға тілі бай, түрлі тартыстарға толы. Америка құлиеленуші мемлекет болғаны тарихтан белгілі. Зәңгілер, сондай-ақ аралас қаннан жаралғандар ақ адамдардың бөркі, көйлегі секілді меншікті затымен бірдей болған. Бұл жағдай озық ойлы, рухани таза жанды зиялы азаматтарды, оның ішінде ақын-жазушыларды қатты толғандырды. Міне, бұл қатарда Марк Твен де бар еді. Оның біраз шығармасында адам баласының тарихындағы барып тұрған ең сұмпайы құбылыс – құлдық трагедиясы аса шеберлікпен суреттеледі.