Мақатаев Мұқағали. Тамаша Айым – Тамызым.
«Онда – тамыз, мұнда, міне, қараша...» деп өкінішті жүрек бұлқынысын сездірген ұлы Мұқаң соңында қалдрған «Күнделігінде»: «Таңдамалының» болуы жақсы – ақ қой. Оны мен «Тамаша айым - тамызым» («Август – месяц священный») деп атаймын...» деген ниетін жазады. Өкініштісі сол – арада тура бір жылдай уақыт өткенде ақын жүрегі соғуын трқтатып, жоғарыдағы үкілі арманының орындалмай қалғаны белгілі.
Мұқағали мұраларымен етене таныс көзіқарақты оқырманның көңіл түкпіріндегі өкініштің бір мысқал өтеуі болса және оның үстіне ақынның биылғы 85 жылдық мерейтойы тұсында көпшілік көзайымына айналған таңдамалы өлеңдерінің топтамасын тарту етсек деген ниетпен «Тамаша айым - тамызым» атты жинақты жұртшылыққа ұсынып отырмыз.