Құнанбаев А. Шығармалар жинағы.
Бұл басылымға мектеп бағдарламасы бойынша оқылатын Абай Құнанбаевтың (1845 - 1904) шығармалары – өлеңдері, поэмалары, аудармалар, ғақлия (нақыл) сөздері және басқа да қосымша әдеби және әдістемелік материалдар енгізілді. Оқушы ұлы ақынның шығармаларын терең түсініп қана қоймай, Абайды қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі, өз заманының кемел қайраткері, ұлт мәдениетінің берік негізін қалаушы ретінде танып – біледі. Кітап оқушылардың ғылыми жұмыспен айналысуына да үлкен көмек, шығарма және реферат жазу кезінде де көмекші құрал бола алады.
Кітаптың кіріспесі Мұхтар Әуезовтың ұлы ақынның өмірбаяны мен творчествосын зерттеу мақаласымен басталды. Жазушылар Т. Медетбек пен Г. Бельгердің ақын шығармашылығы туралы замандастарының Абай туралы естеліктері беріліп отыр.
Кітап жалпы орта білім беретін мектеп, гимназия, лицейлердің жоғары сынып оқушыларына, колледж студенттеріне, жоғары оқу орнына түсетін талапкерлерге және көпшілік оқырманға арналған.