Нұрекеев С. Қазақтелефильм: Киножылнама

Қазақтелефильм: Киножылнама / Сағындық Нұрекеев. Құраст.-автор Құдайберген Тұрсын. - Алматы: ЖК «Тарпанбаева А.Ш.», 2024. – 280 бет.
ISBN 978-601-06-9539-9
ӘОЖ 791
КБЖ 85.37
Н 86
Автор бұл жинақта өткен тарихты елеусіз қалдыру, уақытты соза берудің қисынсыздығын сезініп, қолдағы бар құжаттарды әрі өзі білетін режиссер-операторлар еңбектерін жинастырып, әріптестерден сұрастырып, осы еңбекті даярлады. Еліміздің барлық саласында қайнаған еңбектің, қазақ өнерінің бай шежіре-мұрасын жасаған сол абзал режиссерлер мен операторлардың қажырлы еңбегі еш уақытта ұмытылмауы тиіс.
«Қазақтелефильм» студиясының қай кезеңі болса да шығармашылық еңбекті шебер ұйымдастыра білетін қабілетті, озық ойлы басшыларымен де ерекшеленіп отырды. Олардың қай-қайсысы да кезінде туындаған қиыншылықтарға қарамастан студияны тығырықтан алып шығуға белсене атсалысты. Жинақ-жылнама киностудия жайлы тұңғыш еңбек.