«Перси Жәксон мен олимп тұрғындары» Р.Риордан

Бұл шығарма - Грек мифологиясына негізделген шытырман оқиғалы, қиял- ғажайыпқа толы роман. Он екі жасар Перси Жәксонның өмір жолы грек мифологиясы кейіпкерлерінің пайда болуына байланысты қауіп-қатерге тап болады. Персидің анасына деген сүйіспеншілігі һәм отбасын бағалайтын асыл қасиеті шайқас жолындағы кедергілерді жеңіп шығуына көмектеседі. Ерлікке толы ізденіс ертегісі оқырманды миф пен шынайы өмірдің, тарих пен заманауи әлемнің шекарасынан емін-еркін алып ұшып өте алады. Кітап мектеп жасындағы өрендерге және шытырман оқиғаларды сүйіп оқитын барша оқырмандарға арналады.