Әрқашан біздің қалауымыз бола бермейді
Алғашында бауырларының болғаны Қонжыққа ұнамайды. Орманға барарда ол анасынан кішкентай тентектерді ертпеуін сұрайды. Інісі мен қарындасы жол бойы ағаларының мазасын алады, олар сотқарлау болатын. Бауырларын өзенге апара жатып, өзінің үлкен әрі басшы екеніне масаттанған Қонжық маңғазданып ақыл айтып келе жатып, кішкентай тентектердің тығылып қалғанын байқамайды. Ұшқалақтықтан қауіпке ұшырай жаздаған балақайлар ағаларынан кешірім сұрап, олар үйлеріне татуласып қайтады. Енді Қонжыққа аға болған ұнай бастайды.
Тапсырмаға сәйкес балалар өз отбасылары, олардың әрқайсысының орны туралы баяндайды. Ертегі кейіпкерлерінің мінез-әрекеттеріне сипаттама береді. Бұл балаларды ойлануға, сонымен бірге ойларын жеткізуге үйретеді.