Серік Оспан. Балуан Шолақ. Өмірі мен музыкалық мұрасы

 

Өнер зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Серік Кәрібайұлы Оспан бұл ғылыми-зерттеу еңбегінде атақты ақын, композитор, палуан Балуан Шолақтың шығармашылық өмірбаянына байланысты деректерді, мәліметтерді ғылыми айналымға қосқан.      

Көнекөз ақылы дария, есті қариялардың әңгіме-естеліктерінен Балуан Шолақтың мағыналы ғұмырына, сұлу өнеріне, трагедиялық тағдырына қатысты мол, тың деректер жинақтауы - осынау еңбектің басты сипаты. Кейінгі жылдары Балуан Шолақтың шашырап жүрген әндерін біріздендіріп, нотаға түсіріп, хронологиясын сақтағаны, бір-біріне ауысып кеткен ән мәтіндері де ретке келтірілгендігі қуантады. 

Бұл тың еңбек өнерсүйер қауым мен қазақи әдебиетке сусап отырған өнер мен мәдениет оқу орындарына арналған.