Шарль Перро. Әжемнің ертегілері (Мама Қаздың айтқандарынан)

Әжемнің ертегілері (Мама Қаздың айтқандарынан). - Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, Mereke baspasy, 2024. – 232 бет.: суретті.

ISBN 978-601-372-019-7

ӘОЖ 821.133.1

КБЖ 84 (5Қаз-Франц.)

П 27

            Француздың әйгілі ертегішісі, классик жазушысы Шарль Перроның ертегілерін аудармашы Мариям Арынова француз тілінен тікелей қазақ тіліне аударып шықты. Француз тілін еркін меңгерген кәсіби адармашы өз ана тілі – қазақ тілін де терең біледі. Сондықтан да Шарль Перроның қазақ тіліне аударылған ертегілері қазақ балаларының көңілінен шығады деген үміттеміз.

            Ш.Перро әлемге «Мама Қаздың ертегілері» атты шығармасымен танымал. Бұл ертегі ең алғаш 1697 жылы жарық көрген. Жинақ 9 ертегіден тұрады. Олар: «Есек терісін жамылған қыз», «Ұйқыдағы ару», «Қызыл желекті қыз», «Көксақал», «Етік киген мысық», «Сиқырлы әйелдің сыйы», «Күлжайна», «Айдарлы Рике», «Шынашақ».