Труспекова Халима. Жаңа заман сәулеті.

Өнер зерттеушісі, ғалым Халима Труспекованың бұл жинағына тәуелсіздік алғаннан кейінгі ширек ғасыр кезеңінде Қазақстанның сәулет өнер саласындағы жаңа жетістіктері жайлы мақалалары еніп отыр. Кітапта сонымен бірге еліміздің бұрынғы астанасы – Алматы қаласында және облыс орталықтарында салынған сәулет нысандары жайлы да кеңінен сөз болады.