Түйежапырақты алқап.
Кітап авторы — қазіргі заманғы поляк жазушысы, Еуропа әдебиетіндегі танымал авторлардың бірі, беделді әдеби сыйлықтардың иегері Катажина Рырых. Түйежапырақ алқабындағы ескі ауланың тұрғындары — Магда және Ең Толық, Ең Ақылды және Ең Күшті, Шопен, Кір-қожалақ Поттер, зағип болған Кротя, науқастанып қалған Торғай Джек, мейірімді Сиқыршы және оның қара мысығы, сондай-ақ Дракула дәрігер. Автор қызықты ертегінің осы кейіпкерлері арқылы бірте-бірте жоғалып бара жатқан құндылықтар
мен адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынасты сақтау қажеттілігі туралы маңызды ойды жеткізеді.
Мұндағы қарапайым және ерекше өмірлік жағдайлар классикалық ертегі сиқырымен, кейде гротеск фантасмагориясымен тығыз байланысып жатыр. Мұның бәрі, сондай-ақ мәтінде жасырылған астарлы тұспалдау, қазіргі заманғы кейіпкерлерге сілтеме жасау, жеңіл әзіл және өзіндік авторлық стиль кітапты отбасымен оқуға тұрарлық тамаша туындыға айналдырады.