«Винни-Пух және бәрі-бәрі-бәрі» Алан Александр Милн

Алан Александр Милнның «Винни-Пух және бәрі-бәрі-бәрі» ертегісі — күлкілі қонжық пен оның достары туралы хикая. Кристофер Робин, балды жақсы көретін қонжық Винни-Пух, ұялшақ және қарапайым торай Талпақ танау, тәкаппар Қоян, қайғылы есек Иа-Иа, ақылды Үкі қызықты оқиғаларға тап болады. Виннидің бал алуға тырысқан оқиғасы балаларды сақтық пен ұқыптылыққа үйретсе, Үкінің қателіктерін көріп, сауатты болудың маңызды екенін түсінесіз. Иа-Ианың туған күніне куә болған соң, жақын адамдарыңыздың туған күніне сыйлық таңдауда мұқият боласыз. Кітап кез келген жастағы балаларға арналған.