Яссауи «хикметтерінің» тілі

Кітап ортағасырлық түркі жазба ескерткіші Қожа Ахмет Яссауйдің «Хикметтері» тілінің лексика-фразеологиялық құрамы мен құрылымы, морфологиялық құрылысы, фонетика- фонологиялық жүйесі, көркемдік бітімі талданады.

Бұл зерттеу жұмысына нысан болған қолжазбаның факсимилесі берілді. Ол қолжазбаның ескі араб жазуынан қазіргі графикаға бетпе-бет, жолма-жал дәл көшіріліп транскрипцияланған мәтіні де, сондай-ақ өлең қалпына келтірілген нұсқасы да ұсынылып отыр.

Бұл монографиялық жұмысты арнаулы діни оқу орындарының, сондай-ақ университеттердің филология, шығыс тілдері факультеттерінің оқытушылары мен студенттері пайдалана алады.