Жасай бер, жайна –Астанам

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде Астана күніне арналған «Ай дидарлы, ару Астана» атты сурет көрмесі ұйымдастырылса,  оқу бөлімінде «Жасай бер, жайна -Астанам» атты кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды.  Бұл мереке Елбасының туған күнімен тұспа –тұс келуіне орай  «Елбасым елдің тірегі»  атты тұрақты  кітап көрмесіне де шолу жасалып, елбасы жайлы кітаптар, естеліктер  таныстырылды.    

 Мақсаты: Оқырмандарға Астана туралы мәлімет беру. Еліміз бен жерімізді қадірлеуге, мақтан тұтуға үйрету. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу. 

Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала.  Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. Жасай бер, жас қала- Астана! 

IMG_0409 IMG-20160701-WA0004 IMG-20160701-WA0005