Жиенбай Қуаныш Жер үстінде жұмбақ бар

«Жер үстінде жұмбақ бар», романында Байқоңыр космодромы мен Қорқыт баба кесенесі арасындағы  «құдайдың назары түскен»  қасиетті топырақтың бүгіні мен келешегі, оның аспан дүниесімен байланысты, болашақта әлемдік деңгейде тыңғылықты зерттеуді қажет ететін киелі мекен болатындығы нақты дәлелдермен жан-жақты суреттелген. Кейіпкерлері дараланған. Шығарма көтерген мәселесінің ауқымдылығымен де, тылсым-құпиялығымен де қызықты.