Тәуелсіздік – ел бақыты!

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздегі іргелі істермен айшықталып, сәт сайын жақындап келеді.

        Айтулы мереке қарсаңында    «Приозерск қалалық кітапханасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 24 қарашада «Тәуелсіздік – ел бақыты! » деп аталатын  әуесқой суретшілер көрмесі   ұйымдастырылды. Байқауға    1 – 6 сынып оқушылары  қатысты.  Басты мақсатымыз - жас  ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып,  Отанға деген сүйіспеншілік  сезімі мен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын  арттыру, сондай-ақ, балалардың көркем  шығармашылығын дамыту мен кеңінен насихаттау болып табылады. 

           20161103_161025 Әуесқой сурет көрмесіне  оқушылар белсене қатысты. Оқушылардың Тәуелсіздік мерекесіне арнаған тамаша туындылары көрермен назарына насихатталды.

            Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.                  

           Тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын!