Тәуелсіздік – ел бақыты!
2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздегі іргелі істермен айшықталып, сәт сайын жақындап келеді.
Айтулы мереке қарсаңында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде 24 қарашада «Тәуелсіздік – ел бақыты! » деп аталатын әуесқой суретшілер көрмесі ұйымдастырылды. Байқауға 1 – 6 сынып оқушылары қатысты. Басты мақсатымыз - жас ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншілік сезімі мен Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ, балалардың көркем шығармашылығын дамыту мен кеңінен насихаттау болып табылады.
Әуесқой сурет көрмесіне оқушылар белсене қатысты. Оқушылардың Тәуелсіздік мерекесіне арнаған тамаша туындылары көрермен назарына насихатталды.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.
Тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын!