Кружок «Умелые ручки»
Нұрлы Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан
28 қараша айында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде «Шебер қолдар» үйірмесінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Нұрлы Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан» шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шеберлік сағатында үйірме мүшелері Тәуелсіздік тақырыбына арналған қол - өнер бұйымдарын жасады.
Ұлт мақтанышы - Қайрат Рысқұлбеков
"Приозерск қалалық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде қараша айының 30 жұлдызында 1986-жылғы Желтоқсан оқиғасының Бас қаһарманы — Қайрат Рысқұлбековке арналған "Ұлт мақтанышы - Қайрат Рысқұлбеков" атты тарихи естелік сағаты ұйымдастырылды.
Ұсақ моншақтан жасалған гүл
(Шеберлік сағаты: өткізген Шәріп Нұрай)
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Шебер қолдар» үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен жоспарға сай әр түрлі бұйымдар жасалды. Үйірмеміздің мүшесі Шәріп Нұрай ұсақ мойыншақтардан гүлдің бейнесін жасап және жасалу жолын оқырмандарға көрсеткен болатын.
Отбасылық оқу
Кітапханамызда «Отбасылық оқу» тәсілі де жүзеге асырылуда. Ата –аналарымен бірге келіп оқитын оқырмандарымыздың саны да артуда. Олар тек кітап оқып қана қоймай отбасымен бірге «Шебер қолдар» үйірмесінің дамуына да ат салысып жатыр. Атап айтатын болсақ 5 жасар Елубай Маликаның анасы оқырмандарымызға арнап шеберлік сағаттарын өткізген болатын. қағаздан «оригами» тәсілімен жұмыс жасауды көрсетті. Сонымен қоса Рахияева Мейршат та өзінің анасымен бірге гүл салатын себет жасады, көптеген оқырмандарымыз өздерінің қолынан келген бұйымдарын жасап әкеліп тапсырып отырады.
Приозерск қалалық кітапханасының балалар бөлімінде 2010 жылдан бастап үйірме жұмыс жасайды
Мақсаты:
Оқушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, ой-өрісін дамыту, біздің елімізде тұратын басқада халықтардың қол өнерге деген қызығушылықтарымен таныстыру. Қолөнер ерекшеліктері туралы оқушыларға түсінік беріп, іскерлік пен шеберлікке баулу. Өнер туралы сөздік қорын байыту. «Өнер таусылмас азық,байлық» дейді ғой халық даналығы.Қазақтың қолөнері шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы.Оқушыларды қол-өнерге баулу, өнерге деген қызығушылығын, шығармашылығын арттыру. Оқушыларды жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке, ұқыптылыққа тиянақтылыққа, тазалыққа, тәрбиелеу.