Ура! Поступление новых книг!

Қобыз үні

Қобыз бен сыбызғы күйлерінің әуенді сазы, созылып барып сарын болып естілетін қоңыр әуезі адам жанын баурап, сезімді қозғап, ойды оятады. Ізгілікке, жақсылыққа жетелейді.

Қобыз үні кітабы – жас ұрпақтың бойында ұлттық рухани – адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, елін, жерін сүюге баулу мақсатында ұсынылып отыр. 

Билер сөзі

Билер сөзі кітабы ақылмен билеу өнерінің – шешендік өнердің  озық үлгілерінен жинақталған.

Кітап баланың ойлау мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, әдеби тілінің  өнегесін көрсетуге, данышпандық мектебінің негізін құруға арналған. 

Аталар сөзі

Аталар сөзі  кітабына ел аузында жүрген өсиетті сөздер – мақал – мәтелдно бірізділік жүйемен тәрбие құралы ретінде топтастырылды. 

Халық әні

Халық әні кітабына халқымыздың дәстүрлі әндер жинағы ретінде енгізілді. Кітаптағы халық әндері орындаушының жеке даусымен жазылды. Сондай-ақ музыкалық сүйемелдеумен жазылған нұсқасы да берілді. Әркім қалауына қарай тыңдауына болады.

Халық ертегісі

Халық ертегісі  кітабы жас жеткіншектің қиялын дамытып, ойын шарықтататын таңғажайып ертегілердің жинағы. Мұнда халық ертегілерінің барлық түрі топтастырылған. 

Бабалар батасы

Бабалар батасы кітабы – адамдарға жақсылықты дәріптей отырып, биік армандарға жетелейтін ақ тілектен құралған бата – тілектер   жинағы, ізгілікке баулитын тәрбие құралы.

Кітапқа бата – тілектер тақырыптық жүйеде енгізілді.

Бесік жыры

Бесік жыры  кітабы – сөйлейтін қаламның көмегімен ананың баласына деген мейірім – сүйіспіншілігін, ізгі сезімін жеткізуге игі ықпал ететін құрал.

Кітаптарға халық аузында айтылып жүрген бесік жырлары іріктеліп, таңдаулары топтастырылды және аналардың жеке орындауларында таспаға жазылды.

Халық тағылымы

Халық тағылымы  кітабына  XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, ойшыл-ғалым Й.Баласағұнидың әлемдік мәдениет пен әдебиет  тарихына қалдырған асыл әдеби мұрасы – «Құтадғу білік», «Құт әкелетін білім» дастаны енгізілді.

Жас  ұрпақ  дастандағы ұлағатты сөздер мен өсиет – уағыздарды саналарына сіңіріп, ойларына тоқып  өседі.

Сказки о дружбе и верности

Для чтения родителями детям

Саяхатшы ДАРА

Саяхатшы ДАРА

Кеңістікті бағдарлау

Дараға арналған әрбір кітап балаларды шеберлік пен ептілікке үйретіп, жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуін қадағалайды. Дара мен Бутстың басқа да достарының қатысуымен жасаған саяхаттары қызықты тапсырмалар мен ойындарға толы. Кітаптың негізгі мақсаты: баланың ойлау  қабілетін арттыру; білім дағдыларын қалыптастыру; сөздік қорын кеңейту.