«Халықаралық балалар кітабы» апталығы

1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің туған күніне орай яғни 2 сәуір- халықаралық балалар  кітап күні  атап өтіледі.

2017 жылдың 03 – 08  сәуір күндері  аралығында кітапханада жоспарланған  іс-шаралар «Балалар кітабы апталығы»  ұйымдастырылды.  Апталық бойы кітапханада өткізілетін іс-шаралар мектеп жасына дейінгі балалардан бастап 15 жастағы балаларды қамтыды. Кітап мерекесі күндері балалардың кітап оқуға құмарлығын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін артыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Апталықтың  бірінші күні 3- сәуірде «Кітап деген ғажайып әлем» атты балалар кітап апталығының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Кешімізге 1 – 7 сынып оқушылары қатысты. 

Басты мақсаты - кітап  заманымыздың өмірі.  Рухани жан дүниемізді оятып,  білімімізді       молайтып , үлгі - өнеге беретін ақылшы дос,  білім көзі,  рухани  қазына - кітап әлеміне шолу жасау.  Кітап әлемі - адамды арман биігіне самғатып,  ақыл - ой сұлулық әлемін шарлатып, білім - ғылым жолына жетелейтін ғажайып дүние екенін ұғындыру. Шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту. Кітапты  құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке көркем әдебиет оқуға тәрбиелеу. Жалпы оқушыларды кітапхана өмірімен таныстырып, кітапты сүйе білуге, кітапты күтіп ұстап, қадірлей білуге, кітапханашы еңбегін бағалай білуге баулу.