«Халықаралық балалар кітабы» апталығы
1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің туған күніне орай яғни 2 сәуір- халықаралық балалар кітап күні атап өтіледі.
2017 жылдың 03 – 08 сәуір күндері аралығында кітапханада жоспарланған іс-шаралар «Балалар кітабы апталығы» ұйымдастырылды. Апталық бойы кітапханада өткізілетін іс-шаралар мектеп жасына дейінгі балалардан бастап 15 жастағы балаларды қамтыды. Кітап мерекесі күндері балалардың кітап оқуға құмарлығын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін артыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
Апталықтың бірінші күні 3- сәуірде «Кітап деген ғажайып әлем» атты балалар кітап апталығының ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Кешімізге 1 – 7 сынып оқушылары қатысты.
Басты мақсаты - кітап заманымыздың өмірі. Рухани жан дүниемізді оятып, білімімізді молайтып , үлгі - өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына - кітап әлеміне шолу жасау. Кітап әлемі - адамды арман биігіне самғатып, ақыл - ой сұлулық әлемін шарлатып, білім - ғылым жолына жетелейтін ғажайып дүние екенін ұғындыру. Шығармашылық қабілетін, ой-өрісін дамыту. Кітапты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке көркем әдебиет оқуға тәрбиелеу. Жалпы оқушыларды кітапхана өмірімен таныстырып, кітапты сүйе білуге, кітапты күтіп ұстап, қадірлей білуге, кітапханашы еңбегін бағалай білуге баулу.