Кітап-асыл қазына

2021 жылдың  7 сәуір күні балалар бөлімінде «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында өткізілетін «Балалар әлемінде» атты балалар кітабының үшінші күні «Кітап-асыл қазына» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Іс-шараға 4 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру; мәдениетті, парасатты, рухани ойлауы терең, ар - ожданы мол еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу; кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.

Іс-шара барысында балалар бөлімінің кітапханашысы Ж.Кулмишева оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін, кітаптың жасалу жолы туралы түсінік беріп, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын, ой - өрісін дамыту арқылы оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу жайлы толық ақпарат беріп өтті. Түрлі ойындар ойнатылып, сұрақ –жауап, жұмбақтар қойылды . Кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге әр-түрлі жанрдағы кітаптар қойылды.

 

6 7 8 91113

 10  12