Жұмысшы мамандығының жаңа дәуірі

2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылына » орай 2 мамыр күні кітапхананың оқу залында «Жұмысшы мамандығының жаңа дәуірі» атты тақырыптық сағат ұйымдастырылды. Мақсаты : Мамандықтар туралы түсінік беру, әртүрлі мамандықтар туралы оқырмандардың білімін толықтыру.
Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.