Тәуелсіз Қазақстан- байтақ елім
Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын тойлағалы отыр. «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекуеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Тәуелсіз Қазақстан- байтақ елім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Қазақстан Республикасының тарихын, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамдық- саяси, әлеуметтік- экономикалық өзгерістерімен танысу, сондай- ақ Тұңғыш Президентіміздің орасан зор жетістіктерімен таныстыру.
Тәуелсіздік - бұл ата- бабаларымыз сан ғасырлар бойы қан төгіп күрескен күн . Көрме сол кездің тарихын көрсетіп отыр. Тәуелсіздігіміздің тарихын бүгінгі ұрпақ та, келесі ұрпақ та білуі тиіс.