Тәуелсіз елім- тірегім, самғауыңды тіледім

2016 жылдың  29 қараша күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет ету бөлімінде «Тәуелсіз елім- тірегім, самғауыңды тіледім» атты әдеби- музыкалық кеш өтті. 

Іс-шараның мақсаты: Қазақстандық патриотты тәрбиелеу барысында, Қазақстан халқының мәдениетін, тілін, тарихын құрметтеуге, Ұлтаралық келісімді нығайтуға деген қызығушылықтарын арттыру. Адамгершілік, мейірімділік, сезімталдық қасиеттерін қалыптастыру. 

          Тәуелсіздік,бостандық, азаттық үшін күрескен халқымыздың  бай өткен тарихы бар. Халқымыз сан ғасырлар бойы бейбіт, еркін өмір сүруді армандаған.  Міне, армандаған арманда орындалды, Тәуелсіз Қазақстанға  25 жыл  толып отыр. 

Мемлекетімізде көп ұлтты халықтар тату- тәтті өмір сүреді, әрине бұл ең басты байлығымыз.Тәуелсіздік жылдары қазақ өнерінің дамуына кең жол ашты. Академия және эстрада өнерінің шеберлері сахна алаңдары мен әр елдердің концерт залдарында үлкен жетістіктерге жетіп, ұлттық мәдениетке әлемдік атақ пен даңқ әкелді.

Әдеби- музыкалық кешке «Сырлас» клубының мүшелері қатысты. Барлық Қазақстандықтарды Тәуелсіздік  күнімен  құттықтап, отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық , бақыт тіледі. 

IMG_2503