Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы
2016 жылдың 8 желтоқсанында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде №1 орта мектебінің 6 ә сынып оқушыларының қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «25 жылға 25 күн» акциясы аясында ұйымдастырылып отырған «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» атты тақырыптық кеш өткізілді. Балалар өзерінің Тәуелсіздікке арнаған өлең шумақтарын,өлеңдерін айтты.Отан,туған жер,Қазақстан тарихы туралы сұрақтар қойылды.Мақсаты: Оқушылырды Отаншылдыққа, ұлтжандылыққа , туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сүюге үйрену. Оқушылырды патриоттық рухта тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту; оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.
1991 жыл — еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты.Осы Тәуелсіздік үшін, қазақ ұрпағының келешігі үшін қаншама қазақ аға-апаларымыз,қарындастарымыз жанын құрбан етті,атап айтар болсақ: Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхамеджанова, Е.Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.Міне ата-бабаларымыз осы күнді қаншама жылдар бойы армандап кетті,қазаіргі таңда тәуелсіз дербес мемлекетпіз.
Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойымыз құтты болсын!