Тәуелсіздік кезіндегі қазақ прозасының көркемдік әлемі

Балтабаева Г.С.

Тәуелсіздік кезіндегі қазақ прозасының көркемдік әлемі

Повестер мен әңгімелерге шолу, талдау

 

Кітап соңғы жиырма шақты жыл ішінде жарық көрген повестер мен әңгімелерге шолу, талдау, жүйелеу арқылы қазіргі қазақ прозасының көркемдік болмыс-бітімін байыптауға арналған. Қазіргі қазақ повестері мен әңгімелерінің антропологиялық, виртуальдылық пен мистикалық, орнаментальдық  ерекшеліктерінің төл әдебиетімізден алар орнына, олардың сипатына айқын, нақты түрде алғаш рет теориялық негізде талдау жасалған.

Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасындағы ұлттық идеяның, жалғыздық, айқай, айна сарынының көркемдік қызметі пайымдалып, поэтикалық мәтін аясында қарастырылған.

Кітап жалпы оқырманға арналған.