Тәуелсіздіктің жұлдызды 25 жылы

11 желтоқсан күні қалалық кітапханамызда «Тәуелсіздіктің жұлдызды 25 жылы»  атты тақырыпта презентация өтті.

Мақсаты: Болашақ жастарды мемлекетіміздің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерімен таныстыру, отанын құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімін арттыру. 

Мемлекетіміз Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде Қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, тарихы мен ұлттық дәстүрлері, ұлы тұлғаларының есімдері қайта оралды. Ата Заңымыз қабылданып, ұлттық нышанымыз – мемлекеттік рәміздеріміз бекітілді  және  төл теңгеміз айналымға шықты. 

Бұл  қарқынды даму жоспарын жүйелі жолға қойған мемлекетіміздің 25 жылда жеткен жетістіктерінің бір ғана көрінісі…