Желтоқсан оқиғасы-Тәуелсіздік айғағы
2016 жылдың 3 желтоқсанда «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде «Желтоқсан оқиғасы-Тәуелсіздік айғағы» атты тарихи сағат өтті. Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Қазақстан тарихында желтоқсан оқиғасының алатын орнын ашып көрсету. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Қазақстанның Тәуелсіздік күні 1986 жылғы желтоқсандағы қайғылы оқиғаларды естеріңізге салады. Биыл Желтоқсан оқиғасына 30 жыл толып отыр. Ерлігі үзілмеген қазақ халқының перзенттері ретінде Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға бас иеміз. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Сондықтан, тәуелсіздігімізге жол салған жастардың патриоттық ерліктерін әрқашан есте сақтауымыз керек. Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздік нәтижесі.