«Абайды оқы, тәлім ал» әдеби кеш
Абай Құнанбайұлының 177 жылдық мерейтойына орай «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде 2022 жылдың 9 тамыз күні оқу бөлімінің кітапханашысы И.Талханбаева кітапхана оқырмандарының қатысуымен Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру, Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру, жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу мақсатында «Абайды оқы, тәлім ал» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Кітапханашы Абай атамыздың адам бойындағы жаман қылықтарды сынап, адамдықты, ақыл білімді алға қойғандығын айтып, оқырмандар ұлы ақынның өмір жолымен, шығармашылығымен таныстырды. Кеш соңында кітап көрмесіне шолу жасалды.